25. НАМАЗДА СӘЛЕМ БЕРГЕННЕН СОҢ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР. 66. «Әстәғфиру-Ллаһ (3 рет). Аллаһуммә, Әнтә-с-Сәләму, уә минкә-с-сәләму, тәбәрактә, йа Зәл-жәләли уәл-икрам!» ((أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ (ثَلاَثَاً) اللَّهُمَّ أَنْتَ السَّلاَمُ، وَمِنْكَ السَّلاَمُ، تَبَارَكْتَ يَا ذَا الْجَلاَلِ وَالْإِكْرَامِ)) Аудармасы: «Аллаһтан кешірім сұраймын (3 рет). Я, Аллаһ! Сен Мінсіз («әс-Сәләм» - Аллаhтың қандайда кемшілік атаулыдан азат екендігіне нұсқайтын Оның көркем есімдерінің бірі.), әрі есен-амандық Сенен (Яғни: кез-келген қайғы-қасіреттерден Сен ғана құтқарасын), уа, Ұлылық пен Құрмет Иесі, Сен Игі-Берекелісің». (Муслим (591)). 67. «Лә иләһа иллә-Ллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир (3 рет). Аллаһуммә, лә мәни’а лимә ә’тайта, уә лә му’тыйя лимә мәнә’тә, уә лә янфә’у зәл-жәдди минкәл-жәдду». ((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ ثلاثاً، اللَّهُمَّ لاَ مَانِعَ لِمَا أَعْطَيْتَ، وَلاَ مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلاَ يَنْفَعُ ذَا الْجَدِّ مِنْكَ الجَدُّ)) Аудармасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз. Оның серігі жоқ. Билік Оған тән әрі барлық мақтау Оған лайық, және Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді (3 рет). Я, Аллаһ! Сен берген нәрседен ешкім айыра алмайды. Ал Сен бермеген нәрсені ешкім бере алмайды. Күш-Құдірет иесінің күш-құдіреті Сенің алдыңда пайдасыз болып қалады». (Әл-Бухари (844, 6473), Муслим (593). Жақшаның ішіндегісі әл-Бухариде (6473) келеді). 68. «Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку, уә ләһул-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир. Лә хаулә уә лә қууатә иллә биЛләһ. Лә иләһа иллә-Ллаһу, уә лә нә’буду иллә ийәһу, ләһу-н-ни’мәту уә ләһул-фәдлу уә ләһу-с-сәнә-ул-хәсәну, лә иләһа иллә-Ллаһу мухлисынә ләһу-д-динә уә ләу кәриһәл-кәфирун». ((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ، وَلَهُ الْحَمدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ. لاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللَّهِ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ، وَلاَ نَعْبُدُ إِلاَّ إِيَّاهُ, لَهُ النِّعْمَةُ وَلَهُ الْفَضْلُ وَلَهُ الثَّنَاءُ الْحَسَنُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ وَلَوْ كَرِهَ الكَافِرُونَ)) Аудармасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, әрі барлық мақтау Оған лайық. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Біз Одан басқа ешкімге құлшылық етпейміз. Нығметтерді Ол береді, артықшылықтарға да Ол ие (Ең жоғары, кемел артықшылықтар немесе сипаттар меңзеледі), Оған көркем (лайықты) мақтау-мадақтар болсын. Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, ал біз Аллаһтың алдында дінде ықыластымыз, тіпті бұл кәпірлерге ұнамаса да». (Муслим (594)). 69. «Субханә-Ллаһи, уәл-хамду ли-Лләһи, уа-Ллаһу Әкбару (33 реттен), лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул мулку уә ләһул-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир!» ((سُبْحَانَ اللَّهِ، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ (ثلاثاً وثلاثين) لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ)) Аудармасы: «Аллаһ Пәк (33 рет), бүкіл мақтау Аллаһқа (33 рет), Аллаһ Ұлы (33 рет). Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай (ешкім) жоқ, Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді!» (Муслим (597). Хадисте: «Кім осы сөздерді әр парыз намазынан кейін айтатын болса, соның күнәлары кешіріледі, тіпті олар теңіз көбігі сияқты (көп) болған болса да», - деп айтылады). 70. Мына сүрелерді әр намаздан кейін бір рет, ал таң (фәжр) және ақшам (мағриб) намазынан кейін үш рет оқу керек: «Әл-Ихләс» сүресі: بسم الله الرحمن الرحيم ﴿قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ* اللَّهُ الصَّمَدُ* لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ* وَلَمْ يَكُن لَّهُ كُفُواً أَحَدٌ﴾ Мағынасы: Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Аллаһтың атымен. «(Мухаммад, оларға) айт: «Ол Аллаһ – Жалғыз. Аллаһ – Мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес» («әл-Ихләс» сүресі, 1-4 аятар). «Әл-Фәләқ» сүресі: بسم الله الرحمن الرحيم ﴿قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ* مِن شَرِّ مَا خَلَقَ* وَمِن شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ* وَمِن شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِي الْعُقَدِ* وَمِن شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ﴾ Мағынасы: Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Аллаһтың атымен. «Айт: «Таңның Раббысына Оның жаратқандарының жамандығынан, қараңғылығы басқан кездегі түннің жамандығынан, түйіндерге үрлейтіндердің жамандығынан, күншілдің күндеген кезіндегі жамандығынан сиынамын»» («әл-Фаләқ» сүресі, 1-5-аяттар). «Ән-Нәс» сүресі: بسم الله الرحمن الرحيم ﴿قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ* مَلِكِ النَّاسِ* إِلَهِ النَّاسِ* مِن شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ* الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ* مِنَ الْجِنَّةِ وَ النَّاسِ﴾ Мағынасы: Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Аллаһтың атымен. «(Мухаммад:) «Адамдардың Раббыcына, адамдардың Патшасына, адамдардың Құдайына ғайып болып жоғалатын азғырушының кесірінен (Аллаһтың есімі аталғанда ғайып болып жоғалады), адамдардың жүректеріне уәс-уас етуші жындар мен адамдардың арасындағы (бүкіл азғырушылардың кесірінен) сиынамын», - деп айт» («ән-Нәс» сүресі, 1-6 аяттар). (Әбу Дауд (1523), әт-Тирмизи 2903, ән-Нәсаи (3/68), қз.: «Сахихут-Тирмизи» (2/8). Бұл үш сүре Му’ауизат деп аталады. Қз.: «Фатхул-Бари» 9/62). 71. Әрбiр намаздан кейiн келесі «Аятул-Курсиді» оқу керек: بسم الله الرحمن الرحيم اللهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لاَ تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلاَ نَوْمٌ لَّهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأَرْضِ مَن ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلاَّ بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلاَ يُحِيطُونَ بِشَىْءٍ مِّنْ عِلْمِهِ إِلاَّ بِمَا شَاء وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ وَلاَ يَؤُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ Мағынасы: Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Аллаһтың атымен. «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол Тірі, толық меңгеріп Тұрушы. Ол қалғымайды да, ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оның иелігінде. Оның алдында Оның рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Ол оларға дейін болғанды да, олардан кейін не болатынынды да біледі, ал олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның Күрсиі (Аллаһтың Күрсиі, Оның ‘Аршымен бір емес) көктер мен жерді қамтиды. Оған оларды қорғау ауыр келмейді және Ол - Өте Биік, Аса Зор» («әл-Бақара» сүресі , 255-аят). («Оны (аятул-Курсиді) әр (парыз) намазынан кейін оқитын адамның Жәннатқа кіруіне тек өлім ғана бөгет болып тұр» Ән-Нәсаи «‘Амалюл-Яуми уәл-Ләйлә» (100), Ибн Сунни (121), қз.: «Сахихул-Жәми’» (6464), «Силсиләтул-ахадисис-Сахихаh» (972)). 72. «Лә иләһа иллә-Ллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, юхйи уә юмиту, уә һууә ‘алә кулли шайин қадир». ((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ يُحْيِي وَيُمِيتُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ)) عَشْرَ مَرّاتٍ بَعْدَ صَلاةِ الْمَغْرِبِ وَالصُّبْحِ Аудармасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Онікі және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді, әрі өлтіреді. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді» (бұл сөздерді таң (фәжр) намазы мен ақшам (мағриб) намазынан кейін он реттен қайталау керек). (Әт-Тирмизи (3474), Ахмад (4/227 № 17990). Қз.: тахриж «Задул-Ма’ад» (1/300)). 73. «Аллаһуммә инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан-тайибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән». ((اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْماً نافِعاً، وَرِزْقاً طَيِّباً، وَعَمَلاً مُتَقَبَّلاً)) بَعْدَ السّلامِ مِنْ صَلاَةِ الفَجْرِ Аудармасы: «Я, Аллаһ! Шын мәнінде, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе, (Өз құзырыңда) қабыл болатын амал сұраймын» (Таң (фәжр) намазынан кейін оқылады). (Ибн Мәжаһ (925), ән-Нәсаи «‘Амалюл-Йауми уәл-Ләйлә» (102), қз.: «Сахих Ибн Мәжаһ» (1/152)).

Теги других блогов: намаз молитва ислам