КІМДЕ-КІМ ТАУХИДТІ ТОЛЫҚ ОРЫНДАСА ЖҰМАҚКА ЕСЕП-СҰРАУСЫЗ КІРЕДІ "Расында Ибраһим Аллаға бойсұнған имам (бастаушы немесе қауым), (хакка) бейім болған және серік етушілерден болған емес" (Құран 16:120), Алла-тағала сөзінде: "Олар Раббыларына (Тәңірлеріне) серік етпейді" (Құран 23:59). Хұсайын Әбдірахманұлынан, ол былай деген: Мен Сағид Жұбайырұлында болғанымда ол былай деп айтқан: Қайсыларың кеше түнде төмен ағып бара жатқан жұлдызды көрдіңдер? Мен: Мен көрдім,-дедім. Одан кейін мен: Мен намазға қатыса алмадым, өйткені мені бір нәрсе шаққан еді,- дедім. Ол: Сен шаққанға қарсы не істедің?- деп сұрады. Мен: Дем салдырдым, - дедім. Ол: Сені бұған не итермеледі?- деді. Мен: Бұны істеуге итермелеген- пайғамбарымыздың әш-Шағби әңгімелеген хадисі,- дедім. Ол: Ол сендерге не деп әңгімелеген еді?- деді. Мен: Ол Бурайда әл-Хүсайбұлы жайлы әңгімелеп, оның келесі сөзін жеткізді: "Дем салу тек көз тию мен шаққанға қарсы ғана болмақ"- дедім. Сағид: Естігенінде тыйылған адам қандай жақсы!- деді. Ибн Аббас пайғамбар (АЛЛАhтың игiлiгi мен салемi болсын) жайлы әңімелей келіп, оның мына сөздерді айтқандығын айтты: "Менің алдымда қауымдар тізіліп қойылған еді. Мен бір пайғамбарды көрдім, онымен бірге бір топ адамдары бар. Тағы бір пайғамбардың жанында бір не екі ер адам тұр, басқа бір пайғамбарды көріп едім, онымен бірге ешкім де жоқ екен. Аяқ астынан менің алдымнан саны көп қара топ көрінді. Мен оларды өзімнің қауымым деп ойладым. Бірақ маған: Бұл Мұса және қауымы,-делінді. Содан кейін қарап едім, алдымнан саны көп қара топ көрінді. Сонда маған: Бұл сенің қауымың және олардың арасында жетпіс мыңы есепке тартылмай, азап шекпей Жұмаққа кіреді,- делінді. Содан кейін пайғамбар тұрды да өз үйіне кіріп кетті. Ал жұрт болса солар (жетпіс мың) жайлы талдауға кірісіп кетті. Кейбіреулер: Мүмкін бұлар Алланың елшісінің (АЛЛАhтың игiлiгi мен салемi болсын) сақабалары шығар,— деді. Тағы біреулері: Мүмкін бұлар Исламда туылып, Аллаға еш нәрсені серік қоспағандар шығар,— деді. Тағы басқа да нәрселерді еске алды. Сол кезде Алланың елшісі (АЛЛАhтың игiлiгi мен салемi болсын) олардың алдарынан шықты. Олар не жайт болғанын хабарлағанда, пайғамбар (АЛЛАhтың игiлiгi мен салемi болсын) : "Олар дем салдырмайды, күйдіруді талап етпейді, еш нәрсені ырымға болжамайды және Раббыларына тәуекел етеді",- деп айтты. Сонда Ғүккаша Михсанұлы тұрып: Алла мені солардан қылсын деп дұға ет,- деді. Пайғамбар: "Сен солардансың",- деді. Содан кейін тағы бір кісі тұрып: Алла мені солардан қылсын деп дұға ет,— деді. Пайғамбар: "Ол жағынан сенен Ғұккаша озып шықты,— деді". (хадисті әл-Бухари мен Муслім жеткізген). (Күйдіру: ыстық темірмен не шоқпен дененің жара мен сырқат жерлерін күйдіруді айтады. Емделудің басқа тәсілі қалмаса, онда бұл тәсілді қоддануға рұқсат етілген. Дем салу екіге бөлінеді: рұқсат дем салу: Құран оқу мен пайғамбардың айтқан дұғалары. Харам дем салу: сиқыр арқылы, жын арқылы). Жоғарыдағы айтылған сөздер келесі мәселелерді көздейді. 1) Таухидті ұстануда адамдардың дәрежесін білу. 2) Таухидті толық орындау нені білдіреді. 3) Пәк Алланың Ибраһимді келесі сөздермен мадақтауы: "... серік етушілерден болған емес". 4) Алла-тағала әулиелердің тақсырларын серік қосуға ешбір қатысы жоқтығымен мадақтауы. 5) Дем салу мен күйдіруді тастау таухидті толық орындаудан болады. (Бұған қарамастан рұқсат дем салу мен күйдіруді қолдануға болады). 6) Жоғарыда айтылған қасиеттерге ие болу Аллаға тәуекел етуден туындайды. 7) Сақабалардың бұл дәрежеге тек ғамал-іс арқылы жетуге болатынын терең білген. 8) Олардың қайырлы істерге талпынысы. 9) Саны мен сапасы жағынан бұл (мұсылман) қауымның артықшылығы (өйткені Қиямет күні саны жағынан мұсылмандар ең көп болады және жетпіс мың адам мұсылман қауымынан шығады, Бұл оның сапасын білдіреді). 10) Мұса сақабаларының беделі. 11) Пайғамбарымызға (АЛЛАhтың игiлiгi мен салемi болсын) қауымдардың көрсетілуі. 12) Қиямет күні әрбір қауым өз пайғамбарымен жеке топтасады. 13) Пайғамбарларға аз адамдар ғана сеніп ерді. 14) Ешкім сенбеген (пайғамбар) жалғыз өзі тұрады. 15) Осыны білуде мынадай сабақ бар: адамның көптігіне алданбау және аздығынан күдер үзбеу. 16) Дем салудың көз тию мен шаққанға қарсы қолдануда рұқсаттылығы. 17) Сәләфтардың (өткен ізбасарлардың) терең білімі, бұл мына сөзінен байқалады: "Естігенінде тыйылған адам қандай жақсы!". Бірінші хадистің екіншісіне қарама-қайшы еместігін білу. 18) Сәләфтардың адамда жоқ нәрсесін мақтаудан алыс болулары. 19) Пайғамбардың: "Сен солардансың",— деп айтуы пайғамбарлықтың белгілеріне жатады. 20) Ғүккашаның беделі. 21) Астарлы сөзді қолданудың рұқсаттылығы. 22) Пайғамбарымыздың (АЛЛАhтың игiлiгi мен салемi болсын) көркем мінезі.